×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Абай облысының аумағына тағы бір қала қосылды

27.04.2023, 14:41
rudnyi-altai.kz

Депутаттар Курчатов қаласын Абай облысының құрамына қосуды қолдап дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz басылымының жазуынша, Курчатов аумағын Абай облысының юрисдикциясына беру мәселесі облыстық мәслихатта қаралды. Тиісті ұсынысты Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов енгізген.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Олар Абай облысының аумағына Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданы және Семей қаласы кіретінін атап өтті. Бұған дейін Павлодар облысының шекарасында болған, бірақ іс жүзінде ШҚО-ға бағынатын Курчатов қаласы да Абай облысына қарайтын болды.

"Қаланың жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Курчатовтан облыстық бюджетке салық түспейді,  қаржы қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар және Абай облыстарының шекараларын сәйкестендіруге мүмкіндік береді", - деді Мұрат Хамитов.

Серіктес жаңалықтары