×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Құрылыс сайманымен ұрып өлтірген: Бір апта бұрын жоғалған жігіттің денесі өзен жағасынан табылды

21.06.2022, 18:08
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында бір апта бұрын жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды. Оны құрылыс сайманымен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Polisia.kz. порталына сілтеме жасап. 

13 маусымда Темір аудандық полиция бөліміне жас жігіттің жоғалғаны туралы хабар түсті. Анасы шыр айналып, баласын табал алмады. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Жас жігіттің мәйіті Ойық өзенінің жағасынан табыды.

Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен досы ұсталды.

"Екі достың арасында жанжал шыққан. Арты төбелеске ұласты. Сол кезде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен бірнеше рет ұрған. Сосын автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастады. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Айта кетсек, адам өлтіргені үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.