×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Петропавл әкімі отставкаға кетті

22.06.2022, 10:41
фото: ашық дереккөзден

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабеков өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Үш жыл ішінде біз бірлесіп көптеген сынақтардан өттік: карантин, қаланың жабылуы, қаңтардағы оқиғалар, ТКШ және құрылыс бойынша көптеген мәселелер. Осы кезеңдерде қалалық әкімдіктің барлық командасы өздерін кәсіби жағынан көрсетті.

Әріптестерге, коммуналдық кәсіпорындарға, кәсіпкерлерге, ПИК/Ось төрағаларына, депутаттарға, Қоғамдық кеңес мүшелеріне, БАҚ өкілдеріне, құқық қорғау, денсаулық сақтау және білім беру органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ барлық белсенділерге бірлескен жұмысы үшін жеке алғысымды жеткіземін», - деп жазды Жұмабеков.

Айта кетейік, Болат Жұмабеков 2012 -2013 жылдары аралығында Петропавл қаласының әкімі болып қызмет атқарған. Араға 6 жыл салып, 2019 жылдың 12 сәуірінен бастап қайтадан облыс орталығының басшысы болып тағайындалған еді.