×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ақтауда 30 күн ереуілдеткен жұмысшылардың қатарына жөргектегі балалары қосылды

23.06.2022, 16:47
видеодан алынған кадр

Ақтауда шыны талшықты құбыр зауытының жұмысшылары ереуілде тұрғанына тура бір ай. Наразылықта тұрған азаматтарға енді әйелдері мен балалары қосылды. Олардың талабын "31 арна" тілшілері тыңдап қайтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір айдан бері зауыт алдында түнеп, наразылық білдіріп тұрған жұмысшылардың ереуіліне жөргектегі баласын ұстаған әйелдері қосылды. Зауыттың құрылтайшысы бір ай ішінде жұмысшылардың талабын тыңдамады, мәселені шешуге де асықпайды дейді олар.

Жұмысшылар аптап ыстық болса да талаптары орындалмай, тарқамауға бекінген. Ал зауыттың бас инженері компаниядағы барлық мәселе тек құрылтайшының келісімімен реттелетінін айтады.

Зауыт тұрып қалды. Берілген мөлшерді істей алмай тұрмыз. Қазір жаңа нысандар беріліп жатыр. Енді осы балалардың мәселесін шешу керек. Оған біздің құрылтайшылар келді. Мына жерде келіссөз болды. Сөйлесіп, бір елісімге келген секілді еді. Бірақ оны жылдамырақ шешу керек, – деді зауыттың бас инженері Есей Мұқашұлы.

Оның айтуынша, жұмысшылардың ереуілде тұрғаны зауыттың өндірісіне кесірін тигізіп жатыр. Бір ай ішінде компания 44 шақырым құбыр жасау жұмыс көлемінен айырылып, 40 миллион теңгедей шығынға ұшыраған. Сондықтан құрылтайшы жұмысшылардың талабын орындамаса, негізгі тапсырыс беруші «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясының жұмыс көлемінен айырылып қаламыз деп отыр.