×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Шымкентте түрме бастығына сот үкімі шықты

24.06.2022, 10:27
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Astana телеарнасына сілтеме жасап.

Ел арасында «31-аймақ» деп аталатын  түзеу мекемесінің экс-басшысы сотталғандардан пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Әл-Фараби аудандық соты төрағасының айтуынша, Жүнісбеков мекеме басшысы бола тұра сотталған алты адамнан 4 миллион теңге көлемінде пара алған.

«Жүнісбеков жазасын өтеушілердің жазасын жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату немесе оларды жағдайы жақсырақ мекемеге ауыстыру бойынша алған. Яғни, тездетіп құжаттарды сотқа жіберіп, жағымды мінездеме беріп, көмектесуі үшін сұраған», – деді сот төрағасы Еркебұлан Төлешов.

Енді Жүнісбеков жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов бұрынғы түрме бастығының кінәсі толығымен дәлелденгенін, алайда ол кінәсін мойындамағанын айтты.

«Алты азаматтың жауабы, басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. Сот Жүнісбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді.