×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Атыраулық әйел жұмыстан заңсыз шығарған бастығынан 1,3 млн теңге өндіріп алды

24.06.2022, 15:24
фото: ашық дереккөзден

Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған вахтер өзінің жұмыс берушісінен сот арқылы 1,3 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мой город” порталының жазуынша, Нұргүл Жанбөлсінова өткен жылдың 18 маусымында жұмысынан шығарылған. Ол "Атамекен басқарушы компаниясы" ЖШС-да вахтер болып жұмыс істеген. Басшылықпен келіспеген әйел шешімді жоққа шығарып, жұмысына қайта оралу үшін сотқа жүгінді. Сондай-ақ, ол жұмыс берушіден мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық өтемақы төлеуді талап етті.  

Іс вахтердің пайдасына шешілді. Вахтерді жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылды. Әйел қызметіне қайта орала алады. Ал жұмыс беруші оның жұмыссыз жүрген уақыты үшін 1,3 миллион теңге және моральдық өтемақы ретінде 50 мың теңге төлеуге міндеттелді. Арыз беруші өтемақы ретінде 450 мың теңге сұраған еді.