×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Қарағанды-Жезқазған пойызы адам қағып кетті

26.06.2022, 14:15
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Оқыс оқиға Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Атасу ауылының маңында болған, деп жазады Патриот телеграм-каналы.

Машинист шұғыл тежеуішті басқанмен тоқтап үлгермеген. Себебі пойыз бен адам арасындағы қашықтық тым қысқа болған.

Қайтыс болған адамның Жаңаарқа ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Оның неліктен рельске шыққанын тергеу анықтап жатыр. Оқиға орнында желілік полиция басқармасының тергеу-жедел тобының қызметкерлері жұмыс істеуде.  Ол осындай шешімге әдейі барған болуы мүмкін.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы пойызды кенет тоқтату мүмкін емес екенін еске салады. Сағатына 80 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз аз уақытта тоқтай алмайды. Авариялық тежеу кезінде пойыздың тежеу қашықтығы кемінде 900 метр болады.