×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Жағажайда жанжалдасқан әйелдердің бірі екіншісін пышақтап тастаған

27.06.2022, 12:50
фото: ашық дереккөзден

Павлодар тұрғындарының жағажайдағы демалысы жанжалмен аяқталды. Ұрсысып қалған екі әйелдің бірі екіншісіне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 25 маусымда Усолка жағасында болған.

“Белгілі болғандай жағалауда балаларымен демалып жүрген Павлодар қаласының тұрғыны жақын жерде отырған топқа ескерту жасаған. Олар  балаларымен демалып, сыра ішіп, мас болып айқайлап, балағат сөздер айтқан. Салдарынан ішімдікке мастанған топ арасындағы әйел ескерту жасаған тұрғынды пышақпен жарақаттаған”, - деді полиция департаменті.

Жедел жәрдем бригадасы оны жарақатпен бірінші қалалық ауруханаға жеткізді.

Хирургтың тексеруінен кейін ауруханаға жатқызуға ешқандай дәлел жоқ екені белгілі болды. Жағдайы тұрақты. Оны амбулаториялық емдеуге жіберді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.