×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

27.06.2022, 13:05
фото: ашық дереккөзден

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы сел басқан ауылдарда төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арнайы құрылған комиссия апат шығынын есептеді. Комиссия есебінше, 169 қой-ешкі, бірнеше жылқы, сиыр және 400-ге тауық жоғалған. Ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан.

Шығынның жалпы сомасы 135 миллион теңгеден асқан. Мемлекет апаттан үй-жайы, мал-мүлкіне зақым келген тұрғындарға өтемақы төлейді.

Еске сала кетейік, 23 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданында нөсер мен бұршақ жауып, салдарынан сел жүрген.