×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Қостанай әуежайы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын болды

28.06.2022, 11:46
фото: ашық дереккөзден

Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы үкімет қаулысы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қостанай облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов аталған бастаманы ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында әуежай ұжымы көтергенін айтты.

«Биылғы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы аясында республикалық және облыстық жоспарлар бар. Бүгінде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бір маңыздысы — Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы шешім. Бұл бастаманы көтерген — әуежайдың ұжымы. Одан бөлек осы ұсынысты қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері түрлі жерлерде айтып жүрді. Сондықтан ол ұжымның талқысына салынып, қолдау тауып, тиісті рәсімдерден өткізілді. Енді әділет органдарына құжат ресми тіркелгеннен кейін халықаралық әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілетін болады», - деді басқарма басшысы.

Ерлан Қалмақовтың айтуынша, Қостанай қаласында орналасқан бірнеше мектеп ұжымы оқу ордасына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру ұсынысын жасаған. Әзірге бұл бастамалар зерделенуде.