×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Берік Әбдіғалиұлының орынбасарлары тағайындалды

28.06.2022, 17:53
фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысы әкімінің орынбасарлары қызметіне Аман Барикенов пен Ұлантай Үсенов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бұған дейін де айтқанымыздай, біздегі басқармалар саны шағын құрамда болады. Бас-аяғы 18 басқарма құрылып, 251 штат саны бекітілді. Кей басқармалар біріктірілді, енді бірі жеке өз алдына басқарма болып бөлінді», - деді аймақ басшысы.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкімімен Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Аман Барикенов тағайындалды. Ол қаржы, экономика мәселелерін үйлестіретін болады.

Облыс әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, сәулет, энергетика, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымын Ұлантай Үсенов атқарады.