×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Көпқабатты үйдің қабырғасын цементсіз қалаған компания жазаланды

29.06.2022, 12:06
фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйдің қабырғасын цементсіз қалаған компания айыппұл арқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тексеруді Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлімдері жүргізді.  Бірнеше қатар кірпіш қалаған кезде жұмысшылар цемент қолданбаған.  Осыған байланысты үй толығымен бұзылмайды, бірақ сапасыз жерлер қайта жасалады.

Мемлекеттік құрылыс комитеті құрылыс мердігеріне 400 АЕК (шамамен 1,2 млн теңге) көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады. Құрылыс барысын техникалық қадағалауды жүзеге асыруы тиіс сараптама ұйымына да айыппұл салынды. Айыппұл 60 АЕК-ті (шамамен 180 мың теңге) құрады, сонымен қатар, ұйым алты айға лицензиясынан айырылды.

Еске сала кетейік, жуырда желіде қабырғасы цементсіз қаланып жатқан үй жайлы видео тараған еді.Осы видеодан кейін шенеуніктер аталмыш нысанды тексеруге кіріскен.