×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Атырау облысында Қызыл кітапқа енген шағаланың мыңнан астамы қырылды

29.06.2022, 14:18
фото: gov.kz

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында құстардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағаланың өлексесі табылған. 

Аталған түрлердің ішінде Қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. 

"Бес құстан, оның ішінде үш Қылаң қарабас шағаладан және екі Өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды", – дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.