×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Ақсақалов СҚО-дан Ресейге жыл сайын қанша адам көшетінін айтты

29.06.2022, 18:17
фото: ашық дереккөзден

CҚО-дан жыл сайын 5-6 мың адам көшіп кетеді. Бұл туралы аймақ басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 «Көші-қон бағдарламасы біз үшін өте маңызды. Шын мәнінде облыс тұрғындарының саны 5-6 мың адам көлемінде азайып жатыр. Статистиканы көрсеңіздер, оның 89 пайызы –Ресейге көшіп жатқан азаматтар. Не себепті екені түсінікті», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қазақстанға келуге, Солтүстік Қазақстан өңірінде тұруға ниеттілер қатары да аз емес.

«Жыл басынан бері Оңтүстіктен, Нұр-Сұлтан қаласынан және сырттан 800 адам келді. Биыл жалпы 2300-ден астам адам көшіп келеді деген жоспар бар. . Олардың әрқайсына белгіленген жан-жақты көмек мемлекет тарапынан төленеді. Әр отбасы мүшесіне 70 минималды көрсеткіш төленеді. Ол – 214 мың теңге көлемінде. Ал үй сатып аламын деген азаматтарға 15 минималдық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша төленеді», – деді Ақсақалов.

Өңір басшысының сөзінше, дәл қазір Ресейден Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушылар ағыны көп емес.