×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

Ақтауда қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды

30.06.2022, 11:10

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс орталығындағы автобустардың бір бөлігі соңғы рет 2011 жылы жаңартылған болатын. 2020 жылға дейін қаладағы автобус маршруттарының қызметтерін ескі үлгідегі көліктер атқарып келді.

2020 жылы Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдіктерінің қолдауымен «Каспий» ӘКК АҚ-на «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның лизингтік бағдарламасы арқылы 18 дана жаңа автобус сатып алынып, №3, №7 маршруттарына қызмет көрсетуге берілді.

Сонымен қатар 2021 жылдың ақпан айында қаланың №5, №4 маршруттарын жаңарту мақсатында, тасымалдаушы мекеме өз тарапынан 20 автобус әкеліп, қолданысқа берді. Осылайша қаламыздағы қоғамдық көліктердің 70% жаңарған болатын.

Алдағы уақытқа жоспар бойынша қалған №2, №4 маршруттардың автобустарын жаңарту мәселесі күн тәртібінде тұрды. Аталған мәселені шешу бойынша Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы әкімдіктерінің қолдауымен «Каспий» ӘКК АҚ-ы арқылы 16 дана жаңа автобус сатып алу бойынша экономикалық негіздеме дайындалып, алғашқы 20% жарнасы мемлекет бюджетінің есебінен төленіп, автобустардың 12 данасы ағымдағы жылдың маусым айында қалаға жетті.

Бұл қоғамдық көліктер табиғаты континентальды Маңғыстау жеріне бейімделген. Көліктердің ерекшелігі жазды күндері мұздатқыштарын пайдалануға болады, сондай-ақ желісіз вай-фай, онлайн төлем жасауға валидаторлар орнатылған, мүгедектерге арналған пандустарымен, ең бастысы жолаушылар қауіпсіздігі үшін 4 бейнекамерамен жабдықталған. 3 бейнекамера автобустың ішінде, 1-еуі сыртында орналасқан. Автобустардағы бейнекамералар облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығына тікелей қосылады.  Бұл қоғамдық көліктер 56 жолаушыға арналған.

Аталған автобустар ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап, қолданысқа беріледі. Бұл өз кезегінде қаламыздағы қоғамдық көліктерді 100%-ға жаңартты.