×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Ақтауда 2025 жылға дейін 918 шақырым инженерлік желілер жаңартылады

30.06.2022, 12:07

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтауда инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ақтау қаласы құрылғалы бері ауыз су, кәріз және жылу желілеріне жаңарту жұмыстары жүргізілмеген. Аталған желілердің 75%-ға тозығы жеткендіктен, жылына орташа есеппен 1500 апаттық жағдай орын алады”, – деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысының айтуынша, кезек күттірмейтін мәселені шешу мақсатында 2025 жылға дейін 24 шағынауданда 918 шақырым инженерлік желілерге жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Қаладағы инженерлік желілердің жалпы ұзындығы – 1232 шақырым. Оның ішінде су желілері – 437,8 шақырым, кәріз - 329,6 шақырым, жылу – 464,4 шақырымды құрайды.

Биыл 2 шағын ауданның, яғни, 3а-3б шағынаудандарының жылу желілеріне жөндеу жұмыстары басталады. Сонымен қатар бүгінгі күні 1-6 шағынаудандардағы су және кәріз желілерін жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда.

Инженерлік желілер жаңартылғаннан кейін қалада ауыз су мен жылу беру мәселелері оңтайланбақ.