×
475.51
464.15
8.2
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
475.51
464.15
8.2

ЖШС басшысы мүгедек балаларға арналған алаңға бөлінген қаржыны жымқырған

30.06.2022, 16:23
Pixabay

Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысына бөлінген қаржыны ұрлады деген күдікпен ЖШС директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.