×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Шымкенттен шыққан ұшақ әуежайға шұғыл оралды

09.07.2022, 12:35
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Шымкент – Нұр-Сұлтан бағытындағы ұшақтан техникалық ақау шығып, әуежайға кері қайтуына тура келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 шілде күні Шымкент – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ӘК А320-да КС 342 рейсінің биікке көтерілу кезінде техникалық себепке байланысты сол жақ қозғалтқыш ажыратылды. Экипаж тиісті рәсімдерді орындап, жағдайды бақылауға алды. Осылайша Шымкент әуежайына оралу жөнінде шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай ұшақтың қайта қонуы ескертусіз орындалды.

Сондай-ақ ресми ақпаратта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру департаментімен бірлесіп тергеу жүретіні айтылған.

Аталған рейс жолаушылары FlyArystan мен Air Astana-ның жақын арадағы тікелей рейстеріне отырғызылады.