×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Елде коронавирус вакцинасының І дозасын ектірген азаматтардың саны 7 миллионнан асты

10.09.2021, 09:35
коронавирус

Вакцинаның ІІ дозасын алған азаматтардың саны 6 миллионға жуықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.Вакцинаның ІІ дозасын алған азаматтардың саны 6 миллионға жуықтады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 9 қыркүйекке дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы  вакцинаның І компонентін 7 010 302 адам, ІІ компонентін 5 834 656 адам салдырды», - делінген ВАК хабарламасында.

Ведомствоаралық комиссия сонымен қатар елде 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 82 162 адам коронавирус инфекциясынан (74 116 КВИ+ және 8 046 КВИ-) емделіп жатқанын хабарлайды. Олардың ішінде 17 245 пациент стационарда, 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 310 адамның жағдайы ауыр болса, 373 пациенттің жағдайы өте ауыр. 208 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Серіктес жаңалықтары