×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қаңтар оқиғасында өз әкімшілігімізді бермеген жалғыз облыс болдық – ШҚО әкімі

14.07.2022, 15:48
фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысы – Қаңтар оқиғасы кезінде өзінің әкімшілік ғимаратын бүлікшілерге бермеген жалғыз облыс. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Даниал Ахметов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Брифингте тілшілер әкімнен Қаңтар оқиғасы кезінде халық алдына неге шықпағанын сұрады.

«5 қаңтар күні мен алаңда болдым. Күні-түні сонда болдық. Шығыс Қазақстанда, Өскемен қаласында бірде-бір ғимарат берілген жоқ. Өзіміздің әкімшілікті ешкімге бермеген жалғыз облыс болдық. Мен халықтың алдында тұрдым. Ол теледидарда көптеген арнадан көрсетілді. Оны сіз көрмесеңіз, кешірерсіз, әріптестеріңізден сұрап аларсыз. Мен алаңда болдым. Халықтың ішінде болдым. Барша мәселені бірге шештік», – деп жауап берді Ахметов.