×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Директоры істі болып жатқан Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы тағайындалды

19.07.2022, 20:02
Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі ұсынған сурет

Атырау мұнай өңдеу зауытының директоры болып Мұрат Досмұратов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңа директорын «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Қайрденов таныстырды. Қайрденов те Атырау мұнай өңдеу зауытын тоғыз ай басқарған болатын.

Зауыттың жаңа директоры Мұрат Досмұратов 1985 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын "инженер-химик-технолог" мамандығы бойынша бітіріп, 1990 жылы осы оқу орнында техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Әр жылдары "KPI" ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры, "Біріккен химиялық компания" ЖШС техникалық даму қызметінің бастығы қызметтерін атқарды. Соңғы қызметі - "KLPE" ЖШС басқарма төрағасының жобалар бойынша орынбасары.

Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сынынан кейін Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты тексеріс басталып, зауыт қондырғыларына бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен зауыттың экс-директоры Шухрат Данбай ұсталды. Данбайдың үстінен ҚК 189 бабының 4-бөлімі 2-бөлігімен (Аса iрi мөлшерде сеніп тапсырылған жеке мүлікті иелену немесе талан-таражға салу) қылмыстық іс қозғалып, ол қазір Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.