×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ұлттық қауіпсіздікке сын: шекарадағы ауылдар Ресей мен Қытайдың ұялы операторлары жұмыс істеп тұр

05.06.2023, 11:21
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров шекараға жақын ауылдардың мәселесін көтеріп, оның ішінде ұялы байланыс проблемасын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілістегі үкіметтік сағатта депутат Ерлан Сайыров шекараға жақын ауылдардың мәселесін көтерді. Оның айтуынша, Қазақстанда шекараға жақын елуге жуық шағын ауыл бар. Сол ауылдардың жол, су, медицина, ұялы байланыс мәселесі әлі де өзекті. Ерлан Сайыров кейбір ауылдарда медпункт болса да, фельдшер болмайды. Ал кейбір ауылдарға жазда да, қыста да жету қиын. Сайыров Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан осы мәселелер қалай реттеліп жатқанын сұрады.

«Шекаралық ауылдарда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне кері әсер ететін ең негізгі мәселе – шетелдік ұялы операторлардың жұмыс істеп тұрғаны. Мысалы Қытайға қарайтын болсақ, Зайсан, Марқакөл, Тарбағатай, Мақаншы, Нарынқолда Қытайдың ұялы телефонының операторы істеп тұр. Ресей жақта Ресейдің ұялы телефоны қосылады. Өзбекстанмен де солай. Бұл – біздің елімізің тұтастығына, ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін мәселе», - дейді ол.

Ерлан Сайыров депутаттар осы мәселені көтергеннен кейін Тарбағатайда, Зайсанда жергілікті әкімдік пен министрлікпен бірігіп, ұялы телефонның стансаларын қойып жатыр. Жақын арада ол жақта Қазақстанның операторлары пайда болады. Алайда депутаттар Қазақстанның бүкіл периметрінде мәселе қиын екенін атап өтеді.

Шекаралас ауылдар жөнінде сұраққа жауап берген Әлібек Қуантыров ең маңызды мәселе – Ауылды елдімекендерді дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындағанда шекаралас ауылдарға ерекше «раздел» бөлінгенін айтады. Министрдің сөзінше, ондағы мәселелер кешенді түрде шешіледі. Оған сәйкес, қолданыстағы «Ауыл ел бесігі», «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша қосымша нысаналы трансферлер бөлінеді.

«Шекарала ауылдардың деңгейі әртүрлі. Өзбекстанда бір жағдай, шығыста басқа жағдай. Солтүстікте де. Осы ауылдардың бәрін бір деңгейде көтеру үшін біз өңірлік стандаттар бойынша жұмыс істейміз. Басқа құрал – шекарада орналасқан «погранзаставаларды» күшейту. Қосымша қаражат бөліп, төңірегіндегі ауылдарды күшейту», - дейді Әлібек Қуантыров.

Ал Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің айтуынша, байланыс саласындағы өңірлік байланыс әкімшіліктері 2009 жылдың шешімімен шекара арқылы радиосымдарды таратудың максималды арақашықтықтары нақтыланған.

«Облыс әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, Қазақстанның шекара аумағында 770 ауыл орналасқан. Оның ішінде 228-і шетелдік операторлардың ұялы байланыс сигналдары бар. Сондықтан, қазір осы қолжетімді интернет ұлттық жобасына сәйкес 2024-2027 жылдарда осы ауылдарда жай байланыс емес, сапалы интернетпен қамтамасыз етеміз», - дейді ол.

Сөз соңында Ерлан Сайыров шетелдік ұялы байланыс операторларын шектеу үшін «қалқан жасау керектігін» атап өтті.

«Осы мәселені біз сіздер мен біздер болып қазірден бастап ойлану керек. Біздің ұлттық қауіпсіздігіміздің ең маңызды аспектісі осы», - дейді Сайыров.

Серіктес жаңалықтары