×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Қант тапшылығына дүрліккен тұрғындардың өздері кінәлі – Шымкент әкімдігі

20.07.2022, 17:53
Коллаж: Ulysmedia.kz

Шымкентте қант тапшылығына тұрғындардың өздері кінәлі. Қалада құмшекер жеткілікті екенін жеткізген әкімдік осылай мәлімдеді. Сатып алушылардың дүрлігуі салдарынан дүкен сөрелерінен қант табу қиындады дейді шаһар басшылығы.Әкімдік өкілдерімен тілдескен Ulysmedia.kz тілшісі шекер тапшылығына әлеуметтік бағалардың да ықпалы бар екенін білді. Шенділердің сөзінше, салыстырмалы түрде арзан қант қат, өйткені тұрғындар дүкен сөрелерінен 445 теңгелік шекерді сыпырып әкетеді.

Десе де, әкімдік "Магнумдағы" сауда-саттықты мұқият қадағалап отыр, сауда желісімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылған. Түсінгеніміз, Magnum Cash & Carry – жергілікті биліктің соңғы үміті.

Келісімшарт талаптары бойынша сауда желісіндегі құмшекердің бөлшек сауда бағасы 440 теңгеден аспайды. Бірақ өнімді сатып алу оңай емес, өйткені алыпсатарлық әрекеттер де кедергі келтіріп отыр. Арзанырақ сатып алып, қымбат сату әрекеттерін тоқтату үшін Magnum Cash&Carry тіпті бір адамға қант сату көлеміне шектеулер енгізуге және ереженің бұзылмағанын қадағалап отыруға мәжбүр.

"Тұрғындардан негізсіз дүрлікпеуді сұраймыз",  – дейді әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қантқа таласқан шымкенттіктер супермаркетте жанжал шығарған.