×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Жамбыл облысында зираттан қару-жарақ қоймасы табылды

20.07.2022, 19:02
Бейнежазбадан алынған кадр

Тараз қаласындағы зират аумағында жасырылған қоймадан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қаласындағы зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы тапты. 

 

Екі оқжатары бар "АКС-74У" автоматы, 9 мм калибрлі "ME-38 Marchal" травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді, - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментіндегілер.

 

Сот-баллистикалық сараптамалары тағайындалды. Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын хабарлады.