×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

«Халықпен келіспей салынбайды»: Қарабаев Маралдыдағы алтын дауы жайлы

06.06.2023, 11:43
«Халықпен келіспей салынбайды»: Қарабаев Маралдыдағы алтын дауы жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық министрі Марат Қарабаев Маралдыға ведомствоның өкілдерін осы аптада жіберетінін айтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа «іздеу салатыны» бұған дейін хабарланған. Министр осыдан бір ай бұрын алтын зауытына қарсы шыққан маралдылықтарға қарата «сәл сабыр етіңіздер, келесі аптада халықпен кездесеміз» деген. Алайда Қарабаев сол күйі төбе көрсетпеген еді.

Бүгін Ulysmedia.kz тілшісі бір ай бұрынғы уәдесін министрдің есіне салды. Алайда министр ол жолы өзім барам демегенін, өкілдерін Маралдыға жіберетінін атап өтеді.

«Жалпы біз сол жердегі кәсіпкермен және халықты бірге тыңдап, содан кейін шешім қабылдаймыз деп айттым. Министрліктің өкілі – геология комитетінің төрағасының орынбасары сол жаққа барады. Экология комитетінің өкілі де бірге барады деп жоспарланып отыр. Біздің айтып отырғанымыз – осы апта барсын деп. Жұмыс кестесіне қарай болады», - дейді ол.

Қарабаевтың айтуынша, жалпы халықтың көтеріп отырған мәселесі – жерді қазбаламаса екен дегені.

«Ол жақта қазір барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол 2024 жылдың соңына дейін болады. Яғни халықтың көтерген мәселесі – зауыт салынған кезде бізге экологиялық жағынан зиян келтірмесе дегені. Бір ғана мәселені жеткізгім келеді, ешқандай зауыт тиісті экологиялық қорытынды алмай, халықпен келіспей салынбайды. Кез келген зауытты салу үшін керекті құжаттар керек. Сол құжаттардың ішінде халықпен қоғамдық келісім болуы тиіс. Ол жерде келісім болған соң ғана мәселе талқыланады. Қазір ол жақта қазба емес, барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді ол.

Комиссияны жіберу мәселесі созбалаңға салынып бара жатқандықтан, ауыл халқы ендігіде Маралдыға апаратын көпірді жапқалы отыр. «Мәселе ушығып бара жатыр деп есептемейсіз бе?» деген сұраққа әкім «әркімнің жұмыс кестесіне сай» жұмыс жалғасатынын айтады.