×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Жетісу облысы қант тапшылығын шешудің жолын тапты

21.07.2022, 16:19
фото: ашық дереккөзден

Жетісу облысының әкімдігі қатты тапшылық жағдайында қантты жүгеріге ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жүгеріде 75 пайызға дейін қант бар. Сондықтан сироп тамақ өнеркәсібінде және пісіруде қоюландырғыш және тәтті дәм бергіш ретінде қолданылады. Осылайша, оны табиғи қанттың орнына қолдануға болады, - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, Қазақстан қалаларында қанттың келісі 440-тан 537 теңгеге дейін сатылып жатыр. Алайда бірқатар өңір тұрғындары қант тапшылығына шағымдануда. Тіпті күні кеше құмшекерге таласқан шымкенттіктер супермаркетте жанжал шығарған.

Шымкент әкімдігі қант тапшылығына тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Сатып алушылардың дүрлігуі салдарынан дүкен сөрелерінен қант табу қиындады дейді шаһар басшылығы.