×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

ШҚО-да 600 адам жабылып іздеген 3 жасар бала табылды

25.07.2022, 13:01
ПД

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жоғалған 3 жасар бала аман-есен табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданы Таврия ауылында жоғалып кеткен Әділхан есімді бала аман табылған.

- Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде үш жасар бала тұрғылықты жерінен 3 шақырым жердегі алқаптан табылды. Қазіргі уақытта бала үйінде, ата-анасының қасында. Олар іздестіруге көмектескен барлық азаматтарға алғысын айтып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 3 жасар бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен. Ауқымды іздестіру операциясында ауыл аумағы 16 секторға бөлінген. Барлығы 621 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ квадрокоптерлер мен тікұшақ тартылған.