×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

"Шенеуніктердің қиялында қалған": Ақмола облысында 2,6 млн теңге жұмсалған сарай күмән туғызды

25.07.2022, 23:50
Фото: Дидар Смағұлов

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Ақкөл қаласы стадионындағы кішігірім ғимаратқа ерекше тоқталды. Оның айтынша, аталған нысанды салу үшін 2 641 995 теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz


Смағұловтың мәліметінше, аталған кішігірім ғимарат құжат бойынша киім ауыстыратын бөлме болуы тиіс еді. Алайда, ол бюджеттен 2,6 миллион теңге жұмсалған нысанның деңгейі сарайдан әрі аспай қалған. 

Дидар Смағұлов киім ауыстыратын бөлменің  төбесі мен қабырғасы дұрысталып, еденге жақсы линолеум төселіп, ағаштан жасалған ернеуліктер салынуы тиіс екенін мәлімдеді. Бірақ жоспардағы дүниенің барлығы да «шенеуніктердің қиялында» қалып қойған. 

«Әрине, барлығы бұл нысанды қабылдап алған шенеуніктердің қиялы мен құжат жүзінде қалғаны өкінішті. Антикор ертегі айтқыштарды шынайы өмірге әкеледі деп сенемін. Өйткені, біздің хатымыз сонда жатыр», - деп жазды Смағұлов.