×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Түркістан облысында қоластындағы қызметкерінен 1 млн теңге бопсалаған басшы ұсталды

27.07.2022, 13:07
фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті ҰҚК-мен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, алаяқтық жасаған Сарыағаш ауданының тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Арызда көрсетілгендей, мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыста қалу мүмкіндігі үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша тіркеді, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қылмысты ашу мақсатында Криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.

Жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде, жедел уәкілдер Келес ауданындағы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні жәбірленушіден 1 млн теңге алып жатқан кезінде ұстады.

Қазір бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.