×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қарағандылық тұрғын танысын аяусыз сабап, есік алдына шығарып тастаған

27.07.2022, 23:30
Фото: Ашық дереккөз

Қарағандыда ер адам танысын ұрып-соғып, оны ес-түссіз күйде пәтерден шығарып тастаған. Марқұмның денесі көпқабатты үйдің ауласынан табылды, деп хабарлайды Life09 ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Ulysmedia.kz

Оқиға 19 шілде күні таңғы сағат 4:30 шамасында болған. Қарағанды қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығына әлдекімнің ер адамды пәтерден шығарып, оны көпқабатты үйдің кіреберісіне тастағаны туралы хабарлама түседі. Мәйіттен көптеген дене жарақаты анықталған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары жәбірленушінің жеке басын анықтап, оның 44 жастағы қала тұрғыны екенін растады. 

«Куәгерлерден сұрастыру барысында көпқабатты үйлердің бірінде жәбірленуші мен оның танысы, 38 жастағы ер адамның арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Күдікті ұсталып, тергеу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Жанжал барысында ол танысын жарақаттаған, ал есінен танып қалған кезде жәбірленушіні пәтерден аулаға шығарған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 фһ