×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Желіде ШҚО-дағы әскери қызметкердің анасының аудиохабарламасы тарады

02.08.2022, 13:01
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Өскеменде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің анасы ұлының көрген қорлығын баяндаған аудиожазба тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап Ulysmedia.kz.

Әйелдің айтуынша, рота командирі ұлын осы күнге дейін ойына келгенін істеп келген, несие алуға мәжбүрлеген. Әскери қызметшінің анасы "Жол бақылауы" қоғамдық бірлестігінің белсендісі Антон Князевке жүгінген. Ол аудиожазбаны әлеуметтік желідегі өз парақшасында жариялаған.

Әйел рота командирінің ұлына мәжбүрлеп несие алдыртқанын, күнделікті азық-түлік тасытқанын, қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытатынын айтқан. 

Бұл хабарламаға қатысты Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы пікір білдірді.

"Бұл факт ақпаратты тіркеу кітабына алынды, әскери полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы барлық дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр. Бүгінде 5518-әскери бөлімінің әскери қызметшісі қызметінен шеттетілді. Тексеріс қорытындысы бойынша қосымша хабарланады", - деді Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.