×
478.39
489.68
7.95
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.39
489.68
7.95

Шымкентте тұрғындар бес пәтердің құнына тең әжетхананың сапасына шағымданды

05.08.2022, 10:27
скриншот: ktk.kz

Шымкенттегі дендрарий саябағында құны пәтердің бағасымен бірдей болатын бес дәретхана қойылды. Алайда тұрғындардың пікірінше,мұндай қымбат дәретханалар өз бағасына сай келмейді, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған Ulysmedia.kz.

Аз қамтылған отбасыларды қолдауға деп жиналған демеушілердің ақшасына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы дендросаябақта тұрған дәретханаларды сүріп тастап, орнына 5 әжетхана қойып бере салған.

Оның өзі әрқайсысы қаңылтырмен қапталған. Ерлер мен әйелдер жағында бір-бір бөлігі істесе, мүгедектерге арналған есіктері тарс жабық. Ыстық су ақпайды. Тоққа қосатын сымдарының кей жері күйіп кеткен.

"Жылу жоқ, ыстық су да жоқ. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған кабинаның есігі мүлде жабық тұр. Ішіне қалай кіреді сонда? Көпшілігі ескі дәретханаларды қолданады. Себебі ол жақта тазарақ. Ал бұл 9 миллион теңге тұрмайды",-дейді  Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжан Мейірбекова.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің бас маманы Жани Қамбар :

"Көшедегі дәретханаларға 45 миллион теңге бөледі. Кейін дәл осы қор 4 күннен соң әрқайсысы 9 миллион болатын дәретханаларды сатып алған. Бағасы бір бөлмелі пәтермен тең. Бұл – қаржыны тиімсіз жұмсау. Біз мұның демеушілер көмегі және ұжымдық қор қаржысы екенін түсінеміз. Дегенмен қаржыны тиімсіз жұмсау дегенді білдірмейді"