×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Оралда бизнесменді өлтірді деген күдіктілер ұсталды

08.08.2022, 13:10

Оралда бизнесменнің өліміне қатысты күдікті ретінде екі адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жаңа ғана ұстадық», - деп хабарлайды полициядан.

Бұдан бұрын 49 жастағы бизнесмен Еркін Мұханғалиевті не үшін өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын.

«Куәгерлердің түсініктемесіне қарағанда, кісі өліміне төленбеген айлық себеп болған», - деп хабарлады полициядан.

Еске сала кетсек Оралдағы кісі өлімі бүкіл елді дүрліктірді. Тапа-тал түсте екі жігіттің бизнесменді өлтіргені видеобақылау камерасына түсіп қалған. Қылмыс жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен болатын.