×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қостанайда жоғалып кеткен 5 жасар аутист қызды 500-ден аса полицей іздеп жатыр

08.08.2022, 14:12
Фото: Ашық дереккөз

Қостанайда үйінен шығып кеткен бес жасар қызды іздеуге 500-ден аса полиция қызметкері, ТЖД өкілдері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды. 

Жамбыл ауылының бес жасар тұрғыны Мәдина Ерланқызы 7 тамыз күні таңғы 5 шамасында үйінен шығып кеткен. Анасының айтуынша, Мәдинаға аутизм диагнозы қойылған. Ол әлі сөйлей алмайды. 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында болған бес жасар қыздың таңертең үйде болмағаны анықталды. Бүлдіршін іш киіммен сыртқа шығып кеткен. 

«Қыз баланы іздеуге жергілікті тұрғындар да белсенді көмектесіп жатыр. Оларға қосымша 8 көлік берілді. Іздеу кезінде тас жолдардың бойы, шаруа қожалықтарының аумағы, егіс алаңдары да қаралды. Тобыл өзеніндегі катерлер де бақылауда», - делінген облыстық ПД хабарламасында. 

Сондай-ақ, таңғы сағат 9 шамасында қыз баланы көрген куәгерлер де табылды. Олардың сөзін бейнамерадағы жазбалар растап отыр. Іздеу жұмыстарына ерекше балалармен жұмыс істейтін психологтар да тартылды.