×
476.71
467.03
8.36
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.71
467.03
8.36

Қостанайда жоғалған 5 жасар қызды соңғы рет жүгері алқабынан көргендер бар

09.08.2022, 08:33
Фото ашық дереккөзден

Polisia.kz сайты Қостанай облысында жоғалған 5 жастағы қызды соңғы рет жүгері алқабында көргендер бар. Кеше түнде ондаған адам полиция қызметкерлеріне жүгері алқабын тінтіп шығуға көмектесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қостанай облысында ондаған адам із-түзсіз кеткен қызды іздеп-табуға қолғабыс етіп жатыр. Жергілікті және қала тұрғындары полицияға жүгері алқабын сүзіп шығуға көмектесуде. 5 жасар қызды соңғы рет дәл сол жерде көрген», - делінген полиция мәліметінде.

Ұсынылған видеода жүгері алқабына көптеген адам жиналып жатқанын көруге болады.

Жамбыл ауылында тұратын 5 жасар қыз 7 тамыз күні таңертең үйінен шығып кеткен. Ерекше белгілері – сөйлемейді. Үйде 18 және 13 жастағы әпкелерінің қарауында қалған.

Полиция қызметкерлері бала жоғалған күннің хронологиясын жасады.

Кинология қызметі орталығының қызметкері Қайрат Бисембиннің айтуынша, бала үйінен таңертең 7-ге қарай шыққан –екінші қабаттағы асүйдің терезесінен шығып, газ құбыры арқылы тұрғын үйдің кіреберіс есігіндегі күнқағарға түскен, кейін күнқағардан ағашқа өрмелеген.

Сол уақытта ауладағы шуға елеңдеп, сыртқа шыққан көрші ер адам балаға ағаштан түсуге көмектескен. Ер адам оны пәтерге алып барған. Есікті қағып тұрған кезде қыз бала көшеге жүгіріп шығып кеткен.

Сағат 8:04-те бала видеобақылау камерасына түсіп қалған. Сондай-ақ қыз баланы ауыл тұрғыны көрген. Кейін қыз «Қостанай – Веденка» трассасы бағытына бет алған.

Сағат 8:06-да тағы бір адам оны Орталық көшеде көрген.

Сағат 8:24-те баланы ауылға қарай келе жатқан тракторшы байқаған.

Сағат 8:30-да оны сондай-ақ ауылға бет алған велосипедші көрген. Іздестіру жұмыстары көрші Алтын дала кентінде де жүргізілді. Бұл кент жоғалған қыз тұратын ауылдан 9 км жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта полицейлерге бала соңғы рет жүгері алқабында болғаны туралы мәлімет түскен. Алқапты полицейлер қоршауға алды, іздестіру жұмысына дрон пайдаланылып жатыр.

Бұған дейін Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков баланың анасымен бірге тікұшақта айналаны шолып өткен болатын.