×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

Павлодар облысында бірнеше адам мұнай өнімдерін заңсыз сатып келген

09.08.2022, 11:01
Фото: Ашық дереккөздерден

Павлодар облысында мұнай өнімдерін шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз тасымалдау, сату фактілері анықталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тергеу барысында 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды, ол кейіннен белгісіз тұлғаларға «Унгефуг» ЖШС-дан құжаттарсыз сатылған.

Дәл осы ЖШС құжатсыз жалпы сомасы 550 миллион теңгеден астам жалпы көлемі 2,4 мың тонна дизель отынын сатқан.

Сот Шұғатаев Ж.С. 6 жылға, Унгефуг С.Г. 4 жыл 6 айға, Шамиев Е.Х. 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, 3 көлік пен 3 жартылай жүк тіркемелерін тәркілеуге үкім шығарды.