×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Алматыда Gakku Дауысы фестивалі кезінде көрермендер жүз мыңға жуық гүлді таптап тастаған

20.09.2022, 08:10
Фото ашық дереккөзден

Таяуда Алматы қаласының "Астана" алаңында Gakku Dauysy 2022 фестивалі өтті. Фестиваль кезінде көрермендер іргелес аумақтағы жасыл желектерге айтарлықтай зиян келтірген,деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Экология және қоршаған орта басқармасының бағалауы бойынша, барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталған.

Олардың ішінде: 913 шаршы метр біржылдық өсімдіктер; 326 шаршы метр көпжылдық өсімдіктер; 117 шаршы метр раушан гүлдер.

Шығын сомасы 13 млн теңгеден асады.

Сонымен қатар Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметі бойынша, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камераның негізі қираған. "

"Сондықтан Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы болып табылатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру мен көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды. Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі, жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады", - деп қосты ведомстводан.

 Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше, күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады. Биыл қаланы декративті көгалдандырудың жалпы аумағы 159 мың шаршы метрді, ал газон аумағы - 26 мың шаршы метрді құраған.