×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Маңғыстауда жалақы талап еткен фельдшерлер жұмысынан айырылды

22.09.2022, 12:46
Видео скриншоттан алынды

Маңғыстау облысында жалақы көтеруді талап еткен фельдшерлер жаппай жұмыссыз қалды. Қазір жедел жәрдем қызметі тоқтап қалмас үшін басшылық олардың орнына басқа адамдарды алып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ретте жедел жәрдем қызметкерлерінің бір аптаға созылған ереуілін сот заңсыз деп таныған. Сондықтан Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында жұмыстан 19 қызметкер босатылған. Сонымен қатар, 25 фельдшер мен 13 көлік жүргізуші әріптестерін қолдап, жұмыстан өз еріктерімен кету жөнінде өтініш жазған.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік бергенмен, наразы топ айтқан бетінен қайтпапты. Сондықтан бос орындарға жаңа қызметкерлер амалсыз алынып жатыр екен.

Осылайша, тұралап қалған жедел жәрдем қызметі жаңа мамандармен қайта жанданып, әкімдік жергілікті бюджеттен еңбекақыға үстеме ақы ретінде 236 миллион теңге бөлген. Осы ақшаның есебінен жыл соңына дейін жүргізушілерге – 90 мың, фельдшерлерге – 40 мың, ал санитарларға 30 мың теңгеден үстеме төленетін болды.