×
465.38
483.58
7.69
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
465.38
483.58
7.69

Павлодар облысында мембағдарламамен салынған үйдің сылағы құлап түсті

23.09.2022, 17:44
Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде төбенің сыланған қабаты құлап түскені туралы видео пайда болды, - деп жазады Ulysmedia.kz

Pavlodarnews.kz мәліметінше, бұл жағдай Павлодар облысына қарасты Ақсу ауылында болған. 

Сылақ құлаған бөлмеде бала ұйықтап жатқан. Абырой болғанда, баланы ата-анасы аман-есен алып шықты. 

Ақсу қаласы әкімі баспасөз қызметі бұл үйдің жаңадан салынғанын айтты. 

- Зардап шеккендер жоқ.  Мердігер кепілдік міндеттер бойынша барлығын қалыпқа келтіреді. Бұл үйдегі басқа пәтерлерде сыланған қабатының опырылып түсуіне қатысты тексеріс жүргізілуде, - дейді әкімдікте. 
 
Тұрғын үйді тұрғызған мердігер ұйым – «Идел Строй» ЖШС. 2021 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша баспана алу үшін жергілікті әкімдікте кезекте тұрғандарға салынған. Барлығы 80 пәтерден тұрады.