×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шығыс Қазақстанда қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды

14.10.2021, 12:30
Шығыс Қазақстанда қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
фото: Ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында қос зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген күдікті құрықталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Биылғы 25 қаңтарда ШҚО Алтай ауданы Прибрежный кентінің тұрғындары үйлердің бірінің өртенуінен оянады. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды сөндірген. Алайда кейін үй ішіне кіргенде қорқынышты көрініске куә болған, дейді polisia.kz.

Еденде зорлық-зомбылықпен өлтірілген үй иелері – 83 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адамның жартылай күйген мәйіттері жатқан. Олардың денесінде көптеген пышақ жарақаты болған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Осы жылдың қазан айында аталған ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікті анықталды.

«Ол жәбірленушілерді жақтырмайтын 37 жастағы ер адам болып шықты. Кісі өлтіргеннен кейін ол әдейі үйді өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», – деді ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Бұл аса ауыр қылмыс үшін күдіктіге, егер сот оны кінәлі деп тапса, 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.