×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыда жаңбырдан асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кетті

22.09.2023, 13:40
Ulysmedia.kz

Әлеуметтік желілерде Алматы орталығында жолаушылар автобусының опырылған жолдың шұңқырына түсіп кеткен фотосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Куәгерлер асфальттың жаңбырдан кейін опырылып түскенін айтады.

«Айтпақшы, дәл осы жол жақында ғана жөнделген. Куәгерлердің айтуынша, ешкім зардап шекпеген сыңайлы. Досаев мырза мұны қалай түсіндірер екен? Оңтүстік астанаға тосыннан тап берген табиғи жағдайға ысыра салатын болар», - делінген фотомен бірге тараған жазбада.

Алматыда кеше кештен бері толастамай жауған жаңбыр бүгін түске таяу ғана саябырсыған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыға тамыздың ортасында жаңбырдың айлық мөлшері жауғаны хабарланған еді. Мегаполис тұрғындары әлеуметтік желіде жаңбырдың астында қалған Алматының фото-видеосын жүктеп, болған жайтты «апокалипсиске» теңеген еді.

Серіктес жаңалықтары