×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жоғарғы сот Тарбағатай Мұнай компаниясына 6 млрд теңге төлеуді міндеттеді

22.09.2023, 17:27
Ашық дереккөзден

Бас прокурордың наразылығы бойынша жер қойнауын пайдаланушы - Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай Мұнай компаниясы бюджетке 6 млрд теңгеден астам ақша төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының газ өндіруші кәсіпорны 2015 жылдан 2019 жылға дейін газды әлемдік нарықтық бағадан құнын төмендетіп сатқан және шетелге жөнелткен. Салықты қосымша есептеу туралы фискалдық органның шешімімен келіспей, компания оның хабарламасына қарсы шығып сотқа берген.

"Бұл даудың нүктесін Жоғарғы Сот қойды және Бас Прокурордың наразылығы бойынша салықтар мен өсімпұлдарды қосымша есептеу негізді деп тапты”, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Жоғарғы соттың Ulysmedia тілшісіне берген жауабында миллиардтаған соманы төлеуге міндеттелген компанияның атауы Тарбағатай Мұнай деп көрсетілген.

Серіктес жаңалықтары