×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Жұмысшыларды қысқартып, тоқты тоқтатуға мәжбүрміз": OzenMunaiProm ұжымы президентке жүгінді

23.09.2023, 12:29
Коллаж: ulysmedia.kz.

OzenMunaiProm компаниясының ұжымы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына компанияның өзекті мәселесін көтеріп, хат жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хатта 2021 жылдан бастап жауапкершілігі шектеулі серіктестік гаспіспек электростансасы (ГПЭС) базасында электр энергиясын өндіріп келе жатқаны жазылған. Осылайша, компания Жаңаөзен қаласындағы негізгі кәсіпорындардың бірі – ҚазГПЗ компаниясын қымбат түспейтін электр энергиясымен қамтып отыр. Жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып (60-тан аса тұрақты жұмыс ашылған), қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда.

“Алайда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген электр энергиясын және нарықтың үйлестіруші электр энергиясын (НҮЭ) бірыңғай сатып алуды ұйымдастырудың жаңа моделі күшіне енгелі серіктестік елдің басқа да шағын және орта электр стансалары секілді өзінің негізгі қызметін атқаруда біршама қиындықпен бетпе-бет келді”, – делінген хатта.

Біріншіден, компанияның хабарлауынша, 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін серіктестік шағын және орта электр стансаларының электронды саудасына қатысу механизмінің жетілдірілмеуіне байланысты айтарлықтай шығынға ұшыраған. Осылайша, шекті тарифті бекітудің жаңа ережелері күшіне енбей тұрып, электр энергиясының жіберілген бағасы кВт/сағатына 16,92 теңгені құраған. Алайда жаңа ережелер күшіне енгеннен кейін 2023 жылдың шілдесінде Бірыңғай Сатып алушы және НҮЭ арқылы сатып алуда электр энергиясы кВт/сағатына 11,11 теңгеден аспайды.

“2023 жылдың тамызындағы жағдайда электр энергиясын тұтынушыға дейінгі орташа құны әлі де айқындалмай отыр. 2023 жылдың қыркүйегінде Бірыңғай Сатып алушы және НҮЭ арқылы өндіріліп, тұтынушыға жеткізілген электр энергиясы әлі күнге дейін сатылып үлгерген жоқ. Ал алдағы шығын жайлы айтудың да керегі шамалы. Оған қоса 2022-2023 жылдары ГПЭС өндіретін электр энергиясының өзіндік құны кВт/сағатына 17,75 теңгені құрайды”, – дейді компания.

Екіншіден, «КОРЕМ» АҚ сауда алаңы арқылы өндірілген және сатылған мөлшердің арасында айтарлықтай айырмашылық бар (2023 жылдың шілдесінде нақты өндірілген электр энергиясының мөлшері 7776,18 МВт болса, электронды алаң арқылы сатылған электр энергиясының мөлшері 4260,59 МВт құраған). Осылайша, 2023 жылдың шілдесінде серіктестік кем дегенде қосымша құн салығын қоспағанда 59 млн теңге (3 515,59 МВт-тың электр энергиясы) тікелей шығынға батып отыр.

Бүгінгі күні серіктестікке 2023 жылдың шілдесінде өндірілген электр энергиясының нақты мөлшерінің айырмашылығы үшін берілуі тиіс ақша әлі жетпеген.

“Серіктестіктің штатындағы жұмысшыларға берілетін айлық және негізгі қызметті іске асыру аясында контрагенттер алдындағы міндеттемелер артып бара жатыр. Алайда біз жүгінген құзыретті органдар жағдайды әлі де толық түсінбейді, тіпті проблемаға терең үңілгісі келмейді. «КОРЕМ» АҚ тек формальды хатпен шектелді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың әрекетіне тән әдет. Облыстағы энергетика саласындағы уәкілетті орган тарапына серіктестікті электр энергиясы саласындағы заңнама талаптарына сәйкес, «ҚазГПЗ» ЖШС-мен өнеркәсіптік кешен ретінде электр энергиясы нарығына қатыстыру туралы ұсыныс берілді. Алайда «ҚазГПЗ» ЖШС-мен алдын ала келіссөздер кезінде серіктестік жұмыстың бұл нұсқасына араласу уақыты 3-4 айға созылатыны белгілі болды. Мұндай мерзімдерді есептеп қарағанда серіктестік электр стансаларының жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады, мұның арты аймақтағы жағдайды ушықтыруы мүмкін”, – делінген хатта.

Сатып алушы және НҮЭ арқылы электр энергиясын өткізудің жетілдірілмеген жаңа ережелері үшін серіктестіктің шығынын кім өтейді? Кім жауапкершілік алады? Компания осы күнге дейін бұл сұраққа жауап алмаған.

“Құзыретті органдарға ресми түрде жүгінсек те қанағаттанарлық жауап берілген емес. Серіктестіктің пайымдауынша, электр энергиясы саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер шағын және орта кәсіпкерліктің мүддесін қорғау мен дамыту былай тұрсын, электр энергиясы нарығында бәсекеге қабілетті әрі қалыпты жұмысты қамтамасыз етуде тежеуші әрі залалды фактор болып тұр. Жаңа заң электр энергиясын тұтынушылардың мүддесін қорғайды. Алайда электр энергиясын өндіретін компанияларды тығырыққа тірейді. Заңдар әділеттілік шартымен жазылып, нарыққа қатысушылардың бәрінің мүддесін қорғауы керек еді. Проблема шешілмесе, серіктестік жұмысшыларды қысқартып, электр энергиясын беруді тоқтатуға мәжбүр. Мұның арты Маңғыстау облысындағы электр энергиясы жүктемесіне кері әсер етіп, апатты жағдайларға апаруы мүмкін”, – делінген компанияның хатында.

Серіктес жаңалықтары