×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Ерменов VS Кублей: Оралда әкімдікке қарсы сот процесінің шешімі шыққалы жатыр

23.11.2022, 16:52
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оралда атышулы сот процестерінің бірі – Кублей консерві зауыты мен қалалық әкімдік арасындағы дауға нүкте қойылғалы отыр. Мұның соңы не болатыны қазірдің өзінде бүкіл Қазақстанға айқын – егер Кублей жеңсе, заңсыз салынып кеткен үйлер сүрілуі мүмкін. Оралдағы процесті бүгін Ulysmedia.kz тілшісі бақылап қайтты.

Сотқа дейін жеткен дау осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Әу баста «Кублей» зауыты кәсіпорынның санитариялық аумағынан үй салуға жер бөліп берген жергілікті әкімдікті сотқа берген.

Бәрі өз орнында қалсын

Бүгін консерві зауытының маңында үйлері салынған тұрғындар сот процесіне келді. Олар ипотека рәсімдеп, пәтердің жарты бағасының ақшасын беріп қойған.

«Біз ешбір тарап зардап шекпейтіндей шешім күтіп отырмыз. Кублейдің жұмысын тоқтатпай-ақ қойсын, ал өзіміз өз пәтерімізді тұруды қалаймыз», - дейді мәміледен үмітті Алина Құрманова атты азамат.

Даудың басы консерві зауытының аумағында бес қабатты үйлер бой көтере бастаған кезде шыққан. Төрт үйден тұратын тұрғын үй кешені зауыттың шағымына қарамастан үш жыл бұрын салына бастаған. Күні бүгінге дейін сол үйлердің екеуіне тұрғындар кіріп үлгерген. Алайда оның бірі заңды түрде әлі пайдалануға берілмеген.

Үйді салған «Ерменов» компаниясы зауыттың талабымен келіспей, бұл құрылыс барысында ешбір заңның бұзылмағанын дәлелдегісі келеді. Кәсіпорынның аумағына байланысты ешбір наразылығы жоқ, сол себепті дауды бейбіт жолмен шешіп, әртүрлі инженерлік құрылымдарды салуды ұсынады.

Өзіңізге қарап алыңыз...

Компанияның адвокаты Светлана Клёнина бүгін Кублейдің қорғаушысы танытқан белсенділікке наразылық білдірді. Оның айтуынша, бұл белсенділік сотқа шешім шығаруға кедергі келтіреді. Алайда өз тарапы оң шешімге қол жеткізетінін де жасырмады.

Светлана Клёнина өз айтқаным дұрыс дей отырып, Кублейдің өзі заң талаптарын сақтамайтынын, алайда ол талапты Ерменов пен әкімдікке қоятынын мәлімдеді.

Зауыт ет және балық консервілерінің өндірісінде ішкі нарықта көшбасшы. Оның цехтарында күніне 100 тоннаға жуық ет, балық және көкөніс өңделеді. Тәулік бойы жұмыс қызып, қаншама техника жұмыс істеп тұр. Бұл аймақта үй салып тұру үлкен қолайсыздыққа әкелуі мүмкін. Шу мен иіс бар көрші жаңа ғимаратта халыққа бейбіт өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Сондықтан заң санитарлық-қорғау аймағында тұруға үзілді-кесілді тыйым салады.

«Олар бізі ит қылып отыр»

Зауыт өкілдері өз ұстанымын білдіріп, қаулыға сүйеніп компанияның үй салғанын, ал оған рұқсат берерлік келісім, қорытынды, жоспар жоқтығын алға тартады. Сонымен қатар, табиғатта болмаған немесе күшін жойған нормативтік актілерге сүйене отырып құрылыс жүргізілгенін келтіреді. Әкімдік те өз кезегінде үнсіз қалмады – қалалық әкімдік өкілдерінен сотты тоқтату туралы өтініш түсті. Бірақ судья оны қабылдамады.

«Кублей» зауытының ресми өкілі Бақытжан Базарбек өз дегенінен қайтпай отыр.

«Біз үлескерлерді емес, осындай заңсыздыққа барған әкімдікпен соттасып жатырмыз. Олар бізді ит қылып отыр. Айғақтардың жоққа шығарылмайтынын, заң мен шындықтың зауыт жағында екенін түсінген әкімдік өкілдері соттан кейін БҚО әкімі Есқалиевтің қылмыстық жауапкершілігі туралы мәселе көтеретінімізді түсінді. Ол компанияны қорғаштағысы келеді. БҚО әкімі аппаратының басшысы Абат Шыныбековті жауапкершілікке тарту мәселесін көтереміз. Осы былықты сол қайнатып, жарлыққа қол қойған. Қалыпты өркениетті елде мұндай шешімнен кейін шенеуніктер жұмыстан қуылып қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - дейді Бақытжан Базарбек.

Дау неден басталған?

Бұл іс бойынша соттың басталғанына екі жылдан көп уақыт өтіп кетті. Сол уақыт ішінде Ерменов үйді салып үлгерген.

2020 жылдың шілде айында «Кублей» ЖШС өкілдері облыс орталығының әкімдігін, жер қатынастары басқармасын және сәулет және қала құрылысы басқармасын ЖЖҚ түзетуді және жер учаскесінің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілгені үшін сотқа берген. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 3 қыркүйектегі бірінші сот шешімімен зауыт өкілдеріне талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Бірақ үш айдан кейін Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін бұзды. «Кублей» ЖШС-нің талап арызы өндіріске қабылданды.

2020 жылдың 28 желтоқсанында Батыс Қазақстан облыстық соты консерві зауытының талап арызын толығымен қанағаттандырды. Себебі құрылыс санитарлық-қорғау және өндірістік аймақтардың аумағында жүргізілген. Бұл уақытқа дейін Ерменов үйі салынып бікен. Ол үй Кублейдің 100 метрлік аймағынан тыс жерде тұр.

Алайда 2021 жылдың қаңтары мен ақпанында компания №3 және №4 үйді сала бастаған. 2021 жылдың шілдесінде әкімдік жаңа ЖЖҚ бекітті. Тұрғын емес ғимараттардың орналасуы орнында қалып, консерві зауытының орнына брусчатка мен субұрқақтар салынған алаң пайда болуы керек еді. Прокуратура тексеру жүргізіп, нәтижесінде бірнеше лауазымды тұлға жазаланған.

Жазаланды, бірақ ұмытылған жоқ

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке қатаң сөгіс жарияланды. Ол қазір БҚО әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарады.

Орал қаласының бас сәулетшісі Мирхан Бердіғалиев қызметінен босатылды. Қазір ол Құрылыс басқармасында мемлекеттік инспекция бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Бауыржан Сейтқали әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қызметінен босатылған. Оралдың жаңа бас сәулетшісі Ботагөз Түстікбайға сөгіс жарияланған.

2024 жылы зауыт шекті рұқсат етілген шығарындылар бойынша жаңа санитарлық-эпидемиологиялық сертификат алуы керек. Бірақ Циолковский көшесінің бойындағы санитарлық-қорғау аймағында үш үй тұрғызылған. Ал егер олар іске қосылса, онда зауытқа ешқандай рұқсат ала алмайды. Сонымен қатар, «Кублей» ЖШС өз өнімінің сәйкестік сертификаттарынан айырылады. Шулы іске ертең нүкте қойылады.