×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Атыраулықтарды көк түтінге тұншықтырған екі зауытқа айыппұл салынды

24.11.2022, 10:02
фото: ашық дереккөзден

 Атырау облысында ауаны ластағаны үшін екі зауытқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город"-қа сілтеме жасап.

"2022 жылы Атырау облысы бойынша экология департаментінің хаты негізінде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (МӨЗ), "НефтеСтройСервис ЛТД" ЖШС-ге  атмосфералық ауада көмірсутектердің, көміртек тотығы мен көмірсутектердің шекті рұқсат етілген концентрациясын асырғаны үшін 5,8 миллион теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен (СЭҚК).

Ведомствоға қарасты мобильді топ қаланың тұрғын аймағындағы 29 жерден және Құлсары қаласындағы 17 жерден ауа сынамаларын алған.

"10 айдың қорытындысы бойынша тұрғын ауданнан 24 ингредиент бойынша 8 038 ауа сынамасы тексерілді", - делінген хабарламада.

Зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асуы Атырауда 15, Құлсарыда төрт сынамада анықталды.