×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Қазақстан билігіне бюджет шығынын шектеуге тура келеді - S&P зерттеуі

19.10.2021, 16:48
Фото: Ашық дереккөзден

Халықаралық S&P агенттігінің ТМД елдерінің дербес рейтингі жөніндегі жетекші сарапшысы Карен Вартапетов Қазақстан экономикасы жайлы зерттеуін жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Standard & Poor’s (S&P) – қаржы нарығын талдап, зерттейтін, америкалық McGraw-Hill корпорациясының еншілес компаниясы. Компания халықаралық рейтингті агенттіктердің ең ықпалды үштігіне кіреді.

Бүгін осы агенттіктің сарапшылары Қазақстан экономикасының, корпоративті және банк секторының даму тенденциясына арналған онлайн конференция өткізді.

ЖІӨ ПАНДЕМИЯҒА ДЕЙІНГІ ДЕҢГЕЙГЕ ОРАЛАДЫ

«Дамыған елдерде қажеттілік артқаннан кейін шикізатқа деген сұраныс қарқын ала бастады. Атап айтқанда, энергия тасымалдаушылардың бағасы өсіп барады. Осыған байланысты біз болжамымызда Brent маркалы мұнайдың бағасын көтеріп қойдық. Төртінші тоқсанда оның бағасы барреліне 75 АҚШ долларына болады деп болжаймыз. Ал келесі жылы жылдық орташа есеппен 65 АҚШ долларынан түспеуі керек. Осындай позитивті жағдай Қазақстан экономикасының динамикасына әлбетте, жақсы әсер етеді», - деді Карен Вартапетов онлайн өткен жиында.

Сарапшының айтуынша, сыртқы оң конъюктурадан бөлек, карантин талаптарының жеңілдеуі, халықтың нақты табысының өсуі, фискальды ынталандыру, ОПЕК+ шеңберінде мұнай өндірісінен шектеуді алып тастауы өсімнің негізгі факторына айналады.

«Біз ұсынған кестеде көріп отырғаныңыздай, Қазақстан экономикасы Түркия, Польша, Ресей секілді елдерге қарағанда дағдарысқа дейінгі деңгейге әлі жеткен жоқ. Алайда соңғы статистикаға қарасақ, саудада, құрылыста, яғни шикізаттық емес секторларда өсім шұғыл сипатқа ие әрі біздің болжамымыз бойынша бұл өсім Қазақстанның жалпы ішкі өнімін пандемияға дейінгі деңгейде қайтадан әкеледі», - деді ол.

Карен Вартапетов келтірген мәліметке сәйкес Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2021 жылы 3,5%, 2022 жылы 3,6%, 2023 жылы 3,9% өссе, 2024 жылғы өсім қайтадан 3,5% құрайды.

ЕКПЕНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ

S&P сарапшысының айтуынша, Қазақстан экономикасы үшін қысқа мерзімді екі тәуекел бар. Алғашқысы пандемиямен тікелей байланысты.

«Қазақстан ТМД елдерінің ішінде вакциналау қарқыны жағынан көшбасшы елдердің бірі болғанымен, екпе қарқыны бәрібір дамыған елдерден, тіпті кейбір дамушы елдерден қарағанда төмен. Оған қоса вакциналау қарқыны екпенің жоқтығынан емес, оны салдырғысы келмеген ойдан төмен болып тұр. Дамыған елдердің тәжірибесі екпені алғысы келмеуден туатын мәселе вакцина жетіспеушілігі проблемасынан да өзекті екенін көрсетіп отыр. Дамыған елдер екпе алмаған халықты ынталандыру үшін әкімшілік, қаржылық тетіктерді іске қосып жатыр», - деді сарапшы.

Карен Вартапетовтың айтуынша, қысқа мерзімді тәуекелдің тағы бірі макроэкономикалық саясаттың оңтайландырылуынан туындауы ықтимал.

«Бюджет саясатына қарасақ, бұл жерде тәуекел бюджеттің шұғыл шоғырландырудан туындауы мүмкін. Қазақстан бюджетін құрап отырған мұнай бағасы үкіметтің жоспарына сәйкес қатты төмендейді. Тіпті дағдарысқа дейінгі шекте болуы ықтимал. Осы ретте үкіметтің бюджетті дағдарысқа дейінгі деңгейде құрылымдауға тырысуын түсінуге болады. Алайда экономика өте баяу қалпына келген жағдайда бюджетті шоғырландыру шарасы проциклді сипатқа ие болып, мұның арты өсімді едәуір шектеуі мүмкін», - дейді ол.

Сарапшы сонымен қатар ел үкіметінің бюджет саясатындағы тым жұмсақтығы инвесторлардың бюджет құрылымына деген сеніміне теріс ықпал ететінін атап өтті. Айтуынша, Қазақстан үкіметінде ұлттық қор түрінде резерв бар. Мұнайлы елдерден қарағанда елдің бұл қоры көп те емес. Сол себепті мұнай конъюктурасы әлсіреген жағдайда үкімет бұдан да қатаң бюджет шектеулерімен бетпе-бет келеді.

Карен Вартапетовтың пайымдауынша, мұндай проблема Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның бүкіл еліне тән. Аймақтағы елдерге экономиканы қолдауға деген ниет пен инфляцияның өсіп кетуіне жол бермеу мәселелерінің арасында ойлы шешім табуға тура келеді.

«Қазақстанда өздеріңіз білетіндей, инфляцияның өсімі шұғыл сипатқа ие болды. Сол себепті базалық ставка көтерілді. Мұндай саясатты Қазақстанмен қатар Ресей, Бразилия, Чили елдері жүргізді. Онда инфляция орталық банктердің нысаналы көрсеткіштерінен қатты асып тұр. Мұндай феноменді біз Қазақстаннан көріп отырмыз», - деді ол.

МҰНАЙҒА СҰРАНЫС АЗАЯДЫ! ҚАЗАҚСТАН НЕ ІСТЕЙДІ?

Сарапшының айтуынша, Қазақстан үшін ұзақ мерзімді тәуекелке экономиканы декарбонизациялау мәселелері жатады.

«Көміртегіден бейтарап елдердің саны артатыны анық. Мұның салдары мұнайға деген сұранысты төмендетеді. Аналитиктер қазірдің өзінде мұнайға деген сұраныс алдағы он жылдықтарда екі есе азаятынын болжайды. Бұл – дәстүрлі энергия тасымалдаушылардың бағасын қатты түсіреді», - деді ол.

Бүкіләлемдік банк таяуда энергия ауысымына талдау жүргізген. Әлем экономикасын декарбонизациялау бағытында Қазақстан Бүкіләлемдік банктің тізімінде бұл өзгеріске «дайын емес» мемлекеттердің қатарында тұр.

«Зерттеудің авторы бұл тәуекелдерге Қазақстанның дайын емес екенін айтады. Бұл – мұнайдың өзіндік құнының қымбат болуымен ғана емес, сонымен қатар экономиканың ғылымды қажетсінуі, инфрақұрылымның сапасы, адам капиталы секілді институцоналды факторларға да байланысты. Меніңше, бұл зерттеуге скептизммен қарауға болады. Себебі мұндай санаттағы зерттеулер үкіметтердің реформаларын ескере бермейді, формальды сипатқа ие. Осы зерттеудің кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстан экономикасында тәуекелдер баршылық әрі олар едәуір ауқымды», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары