×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ақшаны кім көрінген алса арты жақсы болмайды – Сүлейменов тұрғын-үй мәселесі жайлы

24.11.2023, 12:31
Ақшаны кім көрінген алса арты жақсы болмайды – Сүлейменов тұрғын-үй мәселесі жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Ұлттық банк 9-20-25 бағдарламасын қаржыландыруға қатыспайды. Бұл туралы бүгін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банкте өткен баспасөз мәслихаты барысында Тимур Сүлейменовке келесі жылы басталатын 9-20-25 бағдарламасына байланысты сұрақ қойылды. БАҚ-қа аталған бағдарламаға алдымен 150 млрд теңге бөлінетіні жазылған еді.

«9-20-25 бағдарламасына Ұлттық банктің немесе Ұлттық қордың қаражаты жұмсалмайды. Үкімет қаржыландырады», - деді Тимур Сүлейменов.

Ал бағдарлама баспана бағасына қалай әсер етеді деген сұраққа Сүлейменов былай жауап берді.

«Қалай әсер ететіні бөлінген қаражатқа байланысты болады. Егер қаражат көбірек бөлінсе, сұраныс та артады да, тиісінше азаматтар баспанасын нарыққа жаппай алып шығады. Әлбетте, бұл бағаға әсер етеді. Бірақ меніңше, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, жалпы үкімет мұның бәрін ескеріп отыр. Бізде құрылыс өсім жағынан көш басындағы саланың бірі – 10 айдың ішінде 12 пайызға өскен. Сол себепті үлкен проблема жоқ деп есептеймін», - дейді ол.

Сүлейменовтың сөзінше, азаматтарды үймен қамту мәселесі қашан да өзекті.

«Меніңше, ең алдымен осы көмекті кім алады – соны айқындап алған абзал. Егер кім көрінген алса, яғни өтінімді бірінші бергендер берсе бір бөлек. Халықтың аз қамтылған тобы алса бір бөлек. Мен екінші топқа көбірек көңіл бөлер едім. Халықтың баспанаға мұқтаж тобын айқындап алып, қаражатты соларға бөлген жөн болар еді. Үкімет біздің ресурссыз бағдарламаны өзі іске асырып жатқаннан кейін біз өз ойымызды оларға жеткізген жоқпыз», - деді Тимур Сүлейменов.