×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Қазақстанда инфляцияға жол бермеу үшін экспортты шектеу көзделіп отыр

07.09.2021, 08:38
Қазақстанда инфляцияға жол бермеу үшін экспортты шектеу көзделіп отыр
инфляция

Мемлекет басшысы жолдауында инфляция дәлізін 4-6% дәлізге қайтару міндетін жүктеген болатын. Бұл бағытта қандай шаралар қабылданатынын Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia тілшісі.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, елімізде бағаның өсуін тежеу мақсатында 2021-2024 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары кешенінің жобасы әзірленген. Шаралар кешені жобасы жедел және орта мерзімдерге арналған 2 бағыт бойынша 70 іс-шарадан  тұрады. Бұл шаралар бағалардың өсуін тежеуге бағытталған шараларды, инфляцияның қарқынын бекітілген нысаналы дәлізге кіргізуге бағытталған жүйелі шараларды қамтиды.

«Бірінші бағыт - 2021 жылға арналған жедел шаралар бойынша іске асырылады. Ол бойынша тауар ұсынысын кеңейту шеңберінде 16 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар түрлерін сатып алуды ұйымдастыру және өндірушілердің қажеттілігін айқындау, форвардтық шарттар мен «айналым схемасы» шеңберінде тетігін бекіту көзделген. Талдау және ұйымдастыру шаралары бойынша 7 іс-шара жоспарланған. Бұл іс-шаралар тізімі скрининг, сауда процестерін цифрландыруды, тамақ өнеркәсібінің жартылай жұмыс істейтін және тоқтап тұрған қуаттарын мониторингтеуді және талдауды қамтиды. Соның ішінде, әләуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бақылауды институционалдық күшейту көзделген», - деді ол.

Әсет Ерғалиев сонымен қатар реттеушілік шаралар бойынша 10 іс-шара іске асырылатынын айтты.

«Олардың қатарына, ішкі нарықта тапшылық немесе бағаның өсуі байқалса, қажет болған жағдайда,   шикізат пен материалдарды экспорттауға  шектеулер енгізіледі. Сондай-ақ, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен экспорттауға алты айға тыйым салу және медициналық қызметтерге кешенді тарифтер бекіту кіреді.  Антимонополиялық шаралар бойынша 9 іс-шараны іске асыру көзделген. Оның ішінде сауда үстемелерінің негізділігін бақылауға, бағалық сөз байласу белгілерін анықтауға және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады», - деді ол.