×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қостанайдағы әуежайды қайта құруға 912 млн теңге жұмсалады

25.10.2021, 22:28
Қостанайдағы әуежайды қайта құруға 912 млн теңге жұмсалады
Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қаладағы Халықаралық әуежай ғимаратын реконструкциялау барысын тексерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазіргі уақытта терминал ғимаратында төбені, еденді және қабырғаны бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Сақтау ғимаратында жаңа галереяның құрылысына орын дайындау үшін кеңейтімдер бөлшектелген, сонымен қатар ғимарат ішіндегі жылыту жүйесін орнату және галереяның іргетасын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы іргелес аумақты абаттандыруды аяқтау жоспарлануда», - деп жазды облыс әкімі Инстаграм парақшасына.

Оның айтуынша, қайта құрудың жалпы құны – 911,4 млн. теңге.

«Негізгі жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырдым. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға әуежай қызметін қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым, сонымен қатар «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ басшылығына барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды және жолаушыларға қызмет көрсету, әуе кемелерін қабылдау және жөнелту бойынша сапалы қызмет көрсетуді тапсырдым», - дейді ол.