×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлттық қор балаларға: ақшаны оқу мен үйден басқа мақсатқа жұмсауға бола ма

12.02.2024, 14:15
Ұлттық қор балаларға: ақшаны оқу мен үйден басқа мақсатқа жұмсауға бола ма
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл сұраққа орталық коммуникациялар алаңында қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Арғынғазиев не дейді?

Оның сөзінше, қазір қаражатты жұмсау (оқу немесе баспана алу) бойынша тізімді ұзарту көзделмеген. 

– Мемлекет басшысы айқындаған екі нысаналы мақсат бар: бірі білім алу, екіншісі баспана жағдайын жақсарту, – дейді ол.

Әр балаға 100 доллардан түсті

Бірнеше күн бұрын сайтымыз Ұлттық қордан әр балаға қанша ақша түскенін kids.enpf.kz сілтемесінен қалай білуге болатынын көрсеткен еді. Алдымен kids.enpf.kz сілтемесіне кіру керек. “Ұлттық қор - балаларға” деген БЖЗҚ-ның порталы ашылады. Соның төменгі жағында ЖСН деген ұяшық тұр. Соған балаңыздың жеке сандық нөмірін енгізесіз. ЖСН енгізсеңіз, қанша ақша түскенін байқауға болады.

Әзірге әр балаға 100 АҚШ долларынан (44800 теңге) түсті. Түскен түпкі соманы балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін ғана ала аласыз.

Жеті миллионға жуық шот ашылған

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бүгін өткен брифингте БЖЗҚ акционерлік қоғамын "Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасының операторы екенін, балалардың санын салыстырып тексеретінін айтты.

– Балалар өмірге келеді. Бірі 18 жаста. Бұл Әділет министрлігі мен Азаматтарға арналған үкімет жүргізетін үлкен мәліметтер базасы. Біз салыстыруымыз керек, бізде жүйеге кіретін 6,5-7 миллион бала бар. Қаңтар айының соңына дейін үкімет деңгейіндегі бір заңнама қабылдануы керек. Біз барлық жүйеміз дайын, - деді Сүлейменов.

Ақша алушыларға жеті миллионға жуық шот ашылған. Мәліметтер салыстырылғаннан кейін олар толығымен ашылады.

Биыл ақшаны бөлу үшін алдыңғы 18 жылдағы кірістер сомасы алынған. Бұл шамамен 700 млн доллар (316,3 млрд теңге).

2024 жылдан бастап Ұлттық қордан әр балаға 18 жасына дейін әлеуметтік аударым бөлінеді. Ал келесі жылы Үкімет кепілдендірілген трансферт ретінде тағы 3,6 трлн теңге алуды жоспарлап отыр.

Ұлттық қорға 2023 жылы қанша ақша түсті

Ұлттық банк жариялаған есепке сүйенсек, 2024 жылдың басында Ұлттық қордағы ақша көлемі 60,03 млрд долларды құраған. Бұл ұлттық валютамен есептегенде 27,2 трлн теңгені құрайды.

Ұлттық қордың көлемі 2022 жылдың желтоқсанында 55,7 млрд долларды құраған. Яғни бір жылдың ішінде шамамен, қор 4,8 млрд долларға ұлғайған.

2023 жылдың ішінде Ұлттық қордың ең көп толыққан айы – шілде. Бұл айда Ұлттық қордың көлемі 60,2 млрд теңгеге ұлғайғанымен, алынған трансферттер есебінен қайта азайған. Айта кетейік, 2023 жылы қордан бөлінген трансферт 4 трлн теңгені құраған еді.